Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Албания Республикасының президенті Байрам Бегай шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президентіне арнайы шақыруын қабыл алып, Астанаға келгені үшін өз алғысын білдірді.