Қазақстан әскери шығын көлемі бойынша Орталық Азия елдерінің арасында көш бастады. Global Firepower рейтингіне сәйкес, ел бір тұрғынға шаққанда қорғаныс саласына жылына шамамен 284 доллар жұмсайды. Сонымен қатар, Қазақстан әлемдік әскери қуат рейтингінде 58-орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.