Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді. Inform.kz хабарлауынша, бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында тілшілер Үкімет басшысынан мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермейтін заң қабылдау мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды. Осы орайда бұл бағыттағы жұмыстар қалай жүргізілетінін сұралды. Тиісті заңнамаға өзгерістер қаралып жатыр. Осы нормалар Үкіметте келісу сатысынан өтуде. Жалпы, бұл нормаларды қолдаймыз.