Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті қыркүйекте қанша ресейлік Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бергенін айтты. 1-30 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясының азаматтарынан Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу шін 1161 және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауға 177 өтініш түсті, - делінген хабарламада.