Елбасы аппаратын үш жыл бойы ұстауға республикалық бюджеттен бес миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәртебесін ресми түрде жоғалтқаннан кейін қаржыландыру айтарлықтай қысқарады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаев мәлім етті. Заң, заңға тәуелді актілер бар. Тиісті жарлықтар, қаулылар. Барлық өзгерістер енгізілген бойда біз, әрине, қаржыландыруды қысқартамыз. Бір жерде біз қаржыландыруды мүлдем алып