«Қазақстан халқына» қоры тірек-қозғалыс аппаратында ақауы бар балаларды роботтандырылған құрылғылармен (экзоскелет) қамтамасыз ету бойынша қайырымдылық бағдарламасын іске қосты деп хабарлады turkystan.kz. Бағдарлама балаларға тиімді оңалту, осы диагноздармен қатар пайда болатын аурулардың даму қаупін азайту, физикалық және психо-эмоционалдық әл-ауқатын жақсарту мүмкіндігін береді. Бұл балалардың қоғамда әлеуметтенуі үшін өте маңызды. Техникалық оңалту құралдарын, оның ішінде экзоскелеттерді балалары …