Отандасымыз Никита Абдрахманов ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізді деп хабарлады turkystan.kz. Мексиканың Леон қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада ол 102 келі салмақта бақ сынады. Қоссайыстың қорытындысымен спортшымыз 348 (157+191) келіні көтерді. Күміс медаль өзбекстандық Кудратбек Салимжоновқа бұйырса, үздік үштікті түркиялық Баки Кетмет түйіндеді. Бұл – қазақстандық спортшылардың әлем чемпионатынан алған төртінші …