Атыраудағы мектептердің бірінен шу шықты. Ата-аналар жоғары сынып оқушылары бастауышта оқитындарды ұрып-соғып, ақша жинайды деп шағымданды. Одан сорақысы, сол жеткіншектерге күштеп бас айналдыратын ұнтақтар иіскетеді екен. Балаларда улану белгілері пайда болғаннан кейін ғана ата-аналар мектепте осындай жағдайлар болып жатқанын біле бастаған. Қинап «жегізген» Зәбір көрген балалардың бірінің анасының айтуынша, баласы мектептен бірнеше рет денсаулығы нашарлап