Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Брюссельде Ішкі істер бойынша Еуропалық Комиссар Ильва Йоханссонмен кездесу өткізді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Келіссөздер нәтижесі бойынша тараптар ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ресми консультацияларды бастау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Мұрат Нұртілеу сұхбаттасын Қазақстанның визалық саясаты, ҚР тарапынан ЕО үшін көші-қон тәуекелдерінің болмауы, Қазақстан Үкіметі