Екі ел арасында жаңа теміржол пункті ашылады. Бақты – Аягөз жаңа желісі осы пункті арқылы өтiп, Семей – Ақтоғай учаскесіне қосылады. Кейін Қытай – Еуропа – Қытай транзиттік дәлізімен бірігеді. Ұзындығы 270 км Бақты – Аягөз теміржолын салуға бюджеттен 321 млрд теңге бөлінген. Жобаны іске асыру 2024-2025 жылдарға жоспарланып отыр.