Қазақстен мен Қытай юаньмен өзара есеп айырысу туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Қытай Халық банкі Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай кіші комитетінің өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды қолдану туралы шешімдерін іске асырады. Соның аясында Қазақстанда юаньмен өзара есеп айырысуды дамыту мүмкіндігін көздейтін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.