Қазақстан Президенті екі ел үкіметі арасындағы жедел өзара іс-қимылға оң баға берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефонмен сөйлесті. Тараптар екі ел арасындағы қазіргі серіктестік жағдайына көңілі толатынын білдірді. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды. Қазақстан Президенті екі мемлекеттің экономикалық және транспорт-логистикалық өзекті проблемалар шешуде үкіметтердің жедел өзара іс-қимылына оң баға берді.