Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы жыл сайынғы есебін жариялады. Онда Қазақстан интернеті «еркін емес» елдердің қатарына енген. Сарапшылар елдердің рейтиңін жасаған. Зерттеу кезінде мемлекет қаншалық жоғары балл жинаса, сол елде соншалық интернет еркін дегенді білдіреді. Ұйым сарапшылары 70 елдегі интернет жағдайын зерттеді. Нәтижесінде Исландия, Эстония және Канада халқы ең еркін интернетке ие болып шықты.