Қазақстан СІМ Ауғанстанның қазіргі билігінің Астанада дипломаттарын тіркеу туралы өтінішіне оң жауап берді. Бұл туралы 17 сәуірде брифингте Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады. Оның айтуынша, Ауғанстанның жаңа әкімшілігі Қазақстан билігіне дипломаттарды аккредиттеу туралы өтініш білдірген, Астана оң жауап берді. Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің дипломаттарды аккредиттеу туралы өтінішіне жауап ретінде оң шешім қабылданды.