Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза болды. Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін $400 мың мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Қаза болғандардың ішінде 343 бала. Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалды. Тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады. 27