Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмманюэль Макронды Ақордада ресми қарсы алды. Мемлекет басшысының шығуымен рәсімнің ресми бөлігі басталды.