Қазақстан 1 сәуірден бастап реэксорттау үшін елге жеткізілетін тауарларды онлайн бақылайтын жүйені іске қосады. Бұл туралы Financial Times лауазымы жоғары бір шенеунікке сілтеме жасай отырып хабарлады. «Біз жапсарлас санкцияларға байланысты тәуекелдерді жақсы түсінеміз, сол себепті әріптестеріміздің барлығымен тауар аламасуды мұқият бақылаймыз», – дейді басылым дереккөзі. Оның айтуынша, Қазақстан реэкспортты азайту бағытында үнемі жұмыс істеп келеді.