Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 15 ақпанда қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстанға заңсыз өтпек болған Пәкістанның 9 азаматын ұстады. ҰҚК ұсталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Еске салайық, Қазақстан мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткендерге жазаны күшейтуді жоспарлап отыр. «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң