Бұл туралы Қазақстандағы ЕО өкілдігінің ресми сайтында айтылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасын ресімдеу тәртібінде 2023 жылғы 1 наурыздан кейін айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Сондай-ақ Еуропалық Одақ елімізді «қара тізімге» енгізбеген.