Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігі 2023 жылғы 1 наурыздан кейін Қазақстан азаматтарының шенген визасын алу тәртібі туралы жалпы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz. Қазақстандағы ЕО өкілдігінің баспасөз және ақпарат бөлімінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 наурыздан кейін Қазақстан азаматтарына Шенген визасын беру тәртібінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Еуропалық одақ Қазақстанды «қара тізімге» енгізген жоқ, делінген хабарламада. Ереже бойынша, шенген