Жақында бірнеше БАҚ-та Қазақстанға жақын шетелден автомобиль кіргізу шектелетіні туралы мақалалар шықты. Олар үкімет басшысының депутат сауалына берген жауабына негізделді. Осыған байланысты ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі түсіндіретін комментарий берді. Бүгінде шетелдің транспорт құралдарын елге кіргізерде заң бұзылатын жағдай жиілеп кетті. Атап айтқанда, ұрланған немесе кепілге қойылған, жалған нөмірлер жапсырылған және т.б. автокөліктерді пайдалану фактілері анықталды.