Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға миллион доллар бөлуді тапсырды. Мемлекет басшысы Үкіметке апатты жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек көрсетуге 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, делінген хабарламада. Сонымен қатар Қазақстанның уәкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, дүлей зілзаланың зардаптарын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін зерттеп жатыр.