29 наурызда Қазақстан үкіметі оставкаға кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сәйкес қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес қазіргі Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндетін атқарады. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін: