Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Халықаралық Олимпиадалық комитетінің спорт жөніндегі директоры Кит МакКоннелл алдағы Олимпиада ойындарына дайындық және екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауға арналған келіссөздерге қатысты.