Таңғы сағат 6.00-дегі мәліметке сәйкес, Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты жолдың 122 учаскесі жабылған. Оның ішінде 42 жолда дизельмен жүретін жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына тыйым салынды. Бүгінде тек Қарағанды облысындағы жолда көліктер жиналған: Теміртау қаласынан шығар жолда 57 техника тұр. Ағымдағы тәулікте құтқарушылар 7 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады.