«Қазгидромет» РМК синоптиктері 13-15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы әлі де антициклон ықпалында болады, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың батысында, шығысында, солтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөліктерге байланысты қар, бұрқасын күтіледі. Еліміздің оңтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді деп болжанады. Ауа температурасы еліміздің солтүстігінде түнде