Қазақстанда конституциялық реформаларды жүзеге асыру аясында 20-дан астам заңнамалық актіге өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Түзетулер мәдениет, ақпарат, БАҚ, отбасы, дін және азаматтық қоғам салаларын қамтиды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Басты мақсат – заңнаманы жаңартылған Конституция талаптарына сәйкестендіріп, ұлттық құндылықтарды, тарихи мұраны және қоғамдық келісімді нығайту. Жаңа Конституциядағы өзгерістер туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы...