2022 жылы мақсатты түрде жүргізілген мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Қазақстан экономикасының түрлі секторларында бірнеше өндіріс іске қосылды деп жазады Primeminister.kz сайты. Биыл «Оңтүстік» Шымкент индустриялық аймағында «QazAlPack» ЖШС алюминий банкалар мен сусындарға арналған қақпақ түрлерін шығаратын зауыт ашылды. Бұл – Орталық Азиядағы осындай өнім шығаратын алғашқы зауыт. Оның қуаттылығы жылына 750 млн жиынтық өнімді құрайды.