2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша, елімізде адам саудасына қатысты 111 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда екі есеге жуық (91,4%) көп. Ең көп кездесетін қылмыс түрі жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе күтіп-ұстауға қатысты құқық бұзушылықтар: 67 іс — былтырғыдан бірден 2,1 есе көп. Көбіне құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандарды