Қазақстанда Агробанк құру мақсатқа сай келмейді. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған деп хабарлады turkystan.kz. Премьер-Министр мамандандырылған банктер өзінің функционалы бойынша көптеген банк операцияларының барлығын орындамай, экономика салаларына (аясына) қызмет көрсетуде өз қызметін шектейтіндігін алға тартады. «Бұдан басқа, банктің тар мамандануы тәуекелдердің жоғары шоғырлануын (тәуекелдер әртараптанбайды) болжайды. Ал салымшылар қаржылық қызметтердің …