Мерекелік күндердің тізбесі жаңа екі мерекемен толықты, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Құжатқа үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды. Құжатта көрсетілгендей, Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісінде, ал Әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде мерекеленеді. Бұл мереке әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту үшін аталып өтеді.