Қазақстанда күн салқындап, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. «Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, елімізде ұзаққа созылған аптап ыстықтан кейін қазақстандықтар арктикалық ауаның салқынын сезінеді. Оңтүстікте, шығыста оңтүстік циклонның әсері сақталады.