Жыл басынан бері Қазақстанда қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін 706 ойыншық анықталды деп хабарлады turkystan.kz. «Өнімнің қауіпсіздігін мониторингтеу аясында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар ойыншықтарының 1499 үлгісін зерттеді. Тексеру нәтижесінде 706 үлгі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» талаптарға сәйкес келмеді. Бұл 47,1%-ды құрады. Оның ішінде, отандық – 9 (1,3%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер – 59 (8,4%), басқа елдер – 638 …