Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 21,6 пайызға өскен. Ал парацетамол мен аспирин секілді сұранысқа ие препараттар 50 пайызға қымбаттаған. Tizgin.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтан баға өсімі туралы сұрады. Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, дәрі-дәрмекті цифрлық таңбалау жүйесі арқылы жүргізілген мониторингте бағаның күрт өскені байқалмаған. «Кейбір өңірлерде баға тасымалдау …