Фото: видеодан скриншот Танымал блогер Әли Ермағамбетов желідегі парақшасында Қазақстандағы баға саясатына қатысты пікір білдіріп, ішкі туризмнің қымбаттығын сынға алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. Оның айтуынша, кейбір бағыттардағы әуе билеттерінің бағасы шетелге ұшудан да қымбат болып кеткен. Блогердің сөзінше, Астана–Атырау бағыты бойынша ұшақ билеті кей жағдайда 135 мың теңгеге дейін жетсе, дәл осы бағаға...