ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Бас прокуратураның үйлестіруімен жетекшісі “қаңтар оқиғасына” белсенді қатысқан Арман Жұмагелдиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобын әшкерелеуге және жоюға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен негізгі қатысушылары қамауға алынғанына қарамастан, оның басқа мүшелері адвокаттардың қызметтерін қаржыландыра отырып, құқыққа қарсы қызметпен айналысуын жалғастыруда. Тергеу процесінің қатысушыларына бұқаралық ақпарат құралдары және