Қазақстанда құрылыс сапасын тексеру үшін тәуелсіз мемлекеттік зертханалық қызмет құру жоспарланып отыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Министр құрылыс сапасына қатысты азаматтардан көптеген шағым түсетінін атап өтті. Осыған байланысты құрылыс сапасына мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында заңнамаға түзетулер әзірленді: Құрылысты сапасыз жоспарлауды болдырмау мақсатында қала құрылысы сараптамасын …