Қазақстанда энергетикалық сусындарды жасап шығаруға, импорттауға және сатуға толық тыйым салу ұсынылды. Бұл туралы «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі жариялаған петициядан белгілі болды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Петиция авторлары не ұсынады? Бастама авторлары энергетикалық сусындарды өндіруге және шетелден әкелуге тыйым салуды көздеп отыр. Сондай-ақ олар бұл өнімді дүкен сөрелерінде, интернетте және жеткізу қызметтері арқылы сатуды тоқтатуды ұсынды. …