Қазақстандық ғалымдардың жалақысы 257 мың теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Осыған дейін ғалымдардың жалақысы тұрақты болмады, оның үстіне еңбекақы конкурстардың нәтижеcіне байланысты болатын. Министрліктің хабарлауынша, енді ғалымдар гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық рәсімдерге қарамастан тұрақты еңбекақы алады. Енгізіліп жатқан қаржы реформалары 1200-ге жуық жетекші ғалымның жалақысын 70%, яғни