Тиісті мәселе ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды. Қазақстанда жыл сайын онкологияның 37 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталады. Бұл ретте, 20 жыл ішінде өлім-жітім деңгейінің 33%-ға төмендеуіне қарамастан, қатерлі ісік жыл сайын 13 мыңнан астам адамның өмірін қияды. Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастардың жартысынан көбі еңбекке жарамды жастар. Мұндай көрсеткіштердің басты себебі – ауруды