Денсаулық сақтау министрлігі Атырауда нәрестеге хиджама жасаған орталыққа қатысты тексерістің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаура Ахметниязованың айтуынша, хиджама орталығында заңсыз медициналық қызмет көрсету фактісі анықталды. Хиджаманың медбике жасаған. Оның тиісті лицензиясы да, клиникалық қызметке рұқсат беретін куәлігі де болмаған. Тексерістің нәтижесі бойынша айыппұл салынды. Қазіргі кезде