Respublika партиясы Әділет министрлігі тіркеуінен өтті. Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров партияның тіркеу куәлігінің фотосын бөлісті. Оның тең төрағалары - блогер Бейбіт Әлібеков, Сырымбек Тау, Максим Барышев, Нұрлан Қоянбаев, Қуаныш Шонбай. Айта кетейік, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау жоспарланған.