2023 жылдың қаңтарынан бастап жол жұмысшыларының жалақысы 30%-ке өсті. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады. Еңбекақысы ұлғайған қызметкерлердің қатарында республикалық маңызы бар тасжолдарды тәулік бойы күтіп-ұстаумен айналысатын желілік және негізгі өндірістік персонал қызметкерлері, қосалқы өндіріс қызметкерлері бар. Республикалық маңызы баравтомобильжолдарының ұлттық операторының хабарлауынша, қыс мезгілі басталғалы жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Жол жұмысшылары күндіз-түні