Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі соңғы 20 жылда 16,6%-дан 3,1%-ға дейін төмендеген. Алайда бұл көрсеткіш нақты статистика емес. Себебі ресми дерек тек жұмыс іздеп жүргендерді ғана есепке алады, ал жұмыс істемейтін, әрі іздемейтін жастар бұл санатқа кірмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.