Бизнес бастау оңай шаруа емес. Кәсіп ашқысы келетіндердің бірі тәжірибе мен білімнің аздығынан қиналса, енді біріне қаражаттың аздығы кедергі. Шағын және орта бизнес экономиканың негізгі қозғаушы күші болғандықтан, мемлекет кәсіп бастаушыларды ынталандырудың түрлі тетігін ұсынып отыр. Ulysmedia.kz Қазақстанда өз ісін ашқысы немесе дамытқысы келетіндерді қолдауға бағытталған бағдарламалар топтамасын ұсынады.