Өткен тәулікте 17 қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ВАК мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында – 3, Алматы қаласында – 10, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында – бір адамнан қауіпті індет табылған. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 917 жетті.