Биыл 1 наурыздағы мәлімет бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстанда 13 403 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 966 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі