Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істейтінін айтты. Жыл басынан бері 3 миллионға жуық ресейлік келді, шамамен осыншама адам елден шықты. Ішінара жұмылдыру жарияланған кейін елімізге 837 мың адам келіп, 780 мыңы шықты. Бүгінде елімізде 298 мың ресейлік болса, оның 30 мыңы келісімшартқа сәйкес жұмыс істейді, еңбек биржасында HR-да тіркелген.