Қазақстандағы картоп бойынша оптимистік болжаммен картоп және көкөніс өсірушілер одағының басқарма төрағасы Қайрат Бисетаев бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның айтуынша, 2022 жылы елде картоптың мол өнімі күтіледі, сондықтан шамамен 300 мың тонна өнім артық болады және бағасы сәйкесінше арзандайды. Қазақстан өнімін Өзбекстанға ғана экспорттайтын болады. Ресейге жеткізілім болмайды — ол жақта да түсім жақсы