Ел тұрғындарының арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 60 пайызы жұмыс іздеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. OLX.kz онлайн-жарнама сервисі сарапшыларының еліміздің еңбек нарығына жүргізген бағалауына сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 33 пайызы осы жылы жұмыс іздегенін атап өткен. Оның ішінде 60 пайызы әлі күнге жұмыс іздеп жүр. Оның 35 пайызы қазіргі уақытта кез келген жұмысты істеуге дайын.